Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Степногорда жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар берген күдікті ұсталды

2019 жылдың 11 маусым 2019 18:43

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Степногорск қаласында «бомба» қойған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, маусымның 10-да сағат 22:00 Степногорск қалалық ПБ кезекшілік бөліміне белгісіз ер адам қоңырау шалып тұрғын үйлердің біріне жарылғыш зат қойылғанын айтқан.

«Оқиға орнына жедел түрде қалалық ПБ жеке құрамы, жарылғыш-техника мамандары, кинологтар мен арнайы үйретілген иісшіл иттер тартылып, жарылғыш зат қойылуы мүмкін аймақты тінтіп шықты. Полиция қызметкерлері 40 тұрғынды қауіпсіз жерге шығарды. Кешенді жедел іздестіру шарасы кезінде жарылғыш зат табылған жоқ. Есесіне жалған ақпарат таратқан 1991 жылғы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдікті «бомбаның» қойылғандығы туралы хабарлаған кезде масаң күйде болды», дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде, осы оқиға байланысты ҚР ҚК 273 бабы бойынша (терроризм туралы жалған мәлімет беру) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жоғары қарай