Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

Спортпен шұғылдану көшеге шығуға негіз бола алмайды – Әділет министрі

2020 жылдың 30 наурыз 2020 19:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрілігі карантин кезінде көшеге спортпен шұғылдануға шығатындарға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы тұрғыда денсаулық сақтау мамандарының пікіріне сүйенеміз. Мамандардың пайымынша, (инфекция қаупі кезінде) спортпен шұғылданатын адамға да, сондай-ақ оның жанындағы адамдарға да жоғары қатер туындайды. Сондықтан спортпен айналысуды көшеге шығу үшін негіз ретінде санамау шешімі қабылданды. Ғимараттың ішінде спортпен шұғылдану үшін түрлі әдістер бар. Осы орайда бұл тәсілдерді уақытша пайдаланып, енгізілген шектеулерге түсінікпен қараған жөн болар», - деді Әділет министрі Марат Бекетаев Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингте.

Әділет министрлігі өкілдерінің сөзіне қарағанда, азық-түлікті үйдің жанындағы дүкендерден алуға кеңес берілген.

«Егер де қажеттілік болса, азық-түлік базарына баруға болады. Алайда сақтық шараларын ұстану керек, яғни арнайы маска мен қолғап болуы қажет», - деп аталып өтті брифингте.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев күшейтілген карантин режіміндегі жаңа міндеттерге қатысты пікір білдірді.



Жоғары қарай