Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -25 °С
валюта бағамы
USD 367.06
EUR 416.17
RUB 5.56
CNY 52.84

Спорт күні: 10 адам Batler велосипедіне ие болды

2018 жылдың 18 тамыз 2018 10:34 984

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Спорт күніне орай өткен жалпықалалық веложарысқа қатысқан 10 адам Batler велосипедіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қабанбай батыр көшесі бойындағы Қазақстан рәміздері алаңынан басталған жарысқа мыңға жуық велоспорт шеберлері мен әуесқой спортшылар қатысты. Нәтижесінде қатысушылар арасында Batler маркалы 10 велосипед пен ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің символы бар рюкзактар ойнатылды.

Велосипедтердің бірі елорда мектебінің түлегі Елдар Қасеновке бұйырды. Әлеуметтік желіден веложарыс жайындағы хабарландыруды көрген ол спорттық шараға қатысуды жөн көрген. Елдар жеңіп алған жүлдесін ата-анасына тарту етпек.

«Шынымды айтсам мұндай шараға алғаш рет қатысып отырмын және велосипед ұтып алатындығымды күтпеген де едім. Бүгін жолым болды», - деді ол.

Айта кетейік, жарысқа қатысушылар Қабанбай батыр даңғылымен «Астана Арена» стадионына дейінгі 5 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Жарысты Астана қаласының әкімдігі, «Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасы» ММ, «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дерекциясы» КММ бірлесе ұйымдастырды. 

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Басты сөздер: Астана, Спорт,
Жоғары қарай