Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Созақтық полицей жолда адасып қалған отбасына көмек көрсетті

2019 жылдың 22 қазан 2019 16:43

СОЗАҚ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Созақ ауданында полицей жолда адасып қалған отбасына көмек көрсетті. Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан үйелменнің жеңіл көлігі батпаққа батып, жанар-жағармайы таусылған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Амалы таусылған отағасы жергілікті полицияға хабарласып, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Осы хабарлама бойынша Созақ АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Дидар Утешов тез арада оқиға орнына жетіп, адасып қалған отбасын құтқарды.

Белгілі болғандай, көліктің ішінде жүргізушімен бірге 1,5 және 3,5 жасар кішкентай қыздары мен жұбайы келе жатқан. Жолда адасқан азаматтың бір сәтте көлігінің жанармайы таусылып, телефон байланысы жоғалып кетеді. Сыртпен байланысу мүмкін болмай қалған соң олар абдырап қалған. Дегенмен, ары-бері жүріп, кенет ұялы телефонында байланыс пайда болған сәтте олар тәртіп сақшыларына хабарласып үлгерген. Полицей көлікке жанармай құйып, жолаушыларды діттеген жеріне жетуіне көмектесті. Өз кезегінде отбасы мүшелері қиын сәтте көмек қолын созған полицейге алғысын айтты.

«Айдалада көлік жүрмейді, ас-суымыз таусылған. Тіпті ұялы телефон байланысы да жоқ. Кішкентай қыздарыммен бірге осындай қиын жағдайға тап болдық. Мүмкіншілік пайда болысымен бірінші кезекте полицейлерге хабарластым. Тәртіп сақшысы тез арада бізді тауып алды. Көмек көрсетті. Өз ісінің нағыз маманы екен. Бүгінгі таңда полицей халыққа қамқоршы, қолдаушы екенін көрсетті», -дейді көлік иесі.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Оқиға, Түркістан облысы,
Жоғары қарай