Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Соттардың жұмыс форматы қалай өзгереді

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 18:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда электронды хаттама, процеске қашықтықтан қатысу, процеске қатысушылардың электронды гаджеттерді қолдануы секілді жаңашылдықтар енгізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шаралар бүгін Парламент Мәжілісінде «ҚР Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында қамтылып отыр.

«Соңғы жылдардағы сот билігіндегі реформалар Қазақстандағы сот төрелігінің әлемдегі ең қолжетімді әрі жедел болуына мүмкіндік берді. Бүгінде Қазақстан Дүниежүзілік банктің Бизнесті жүргізу рейтингісінде бұл көрсеткіш бойынша 190 елдің арасында төртінші орында тұр. Бірақ бұған масаттануға болмайды, әлем екпінді түрде өзгеруде. Сол себепті тараптарды шақырусыз қаралатын бұйрықтық және жеңілдетілген іс жүргізуді электронды форматқа ауыстыруды ұсынамыз. Сонымен қатар, тараптың өтініші бойынша дәстүрлі қағаз форматқа ауысу мүмкіндігі болады», - деді ҚР Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов.

Талап қою іс жүргізу істері бойынша сот тараптардың пікірлерін ескере отырып, осындай форматты белгілей алады.

«Заң жобасы басқа да бірқатар үдемелі жаңалықтарды қамтиды. Бұл тұрғыда электронды хаттама, процеске қашықтықтан қатысу, процеске қатысушылардың электронды гаджеттерді және басқа да техникалық құралдарды қолдануы секілді қадамдар ескеріліп отыр», - деді Мейрамбек Таймерденов.


Жоғары қарай