Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Сот шешімдерінің сапасын арттыру қажет - Қасым-Жомарт Тоқаев

2019 жылдың 12 шілде 2019 12:51 550

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентіне Жоғарғы Соттың биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары және сот жүйесін жетілдіру барысы жөнінде мәлімет берілді.

Жақып Асанов Азаматтық процессуалдық кодексті одан әрі жаңғыртуға бағытталған заң жобаларының дайындығы және жаңа әкімшілік әділет институтын енгізу жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот шешімдерінің сапасын арттыру және азаматтардың өтініштерін мұқият әрі әділ қарау қажеттігін айтты. Президенттің пікірінше, судьялардың құзыреттігін және оларды іріктеу тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз етуге қойылатын талапты ерекше назарға алу керек.

 

 

Жоғары қарай