Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Сора өсіріп сорлады

2019 жылдың 12 тамыз 2019 07:13 747

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жалағаш ауданы аумағында 680 түп сора өсімдігін өсірген Қызылорда қаласының 33 жастағы тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс көлемінде жүргізілген «Көкнәр-2019» жедел-профилактикалық шарасы барысында Жалағаш ауданының аумағындағы «Нарөлген» аумағынан есірткі алқабы табылды. Онда заңмен тыйым салынған 680 түп сора өсімдігі бар екені нақтыланды. Оның жалпы салмағы 187 келі болған.

«Оны еккен Қызылорда қаласының 1986 жылғы тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Аралда сора егілген алқап табылғанын хабарлаған едік .

Жоғары қарай