Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 334.85
EUR 394.29
RUB 5.69
CNY 50.60

Соңғы 1,5 жылда елімізде 7 колония жабылды

2017 жылдың 22 қараша 2017 14:23 1132

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 1,5 жылда елімізде сотталғандардың санының азаюына байланысты 7 колония жабылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіріп, қоғамнан оқшау жазаларын азайту бағытын ұстанып келеді. Осының арқасында еліміздегі сотталушылардың саны едәуір азайды. Мысалы, 2011 жылы 57 мың бас бостандығынан айырылған адам болса, қазіргі таңда олардың саны - 35 500»,-  деді ол.

Департамент басшысының дерегінше, осыдан 15 жыл бұрын Қазақстан сотталғандардың саны жағынан әлемдік рейтингте АҚШ пен Ресейден кейін үшінші орында болатын. Қазіргі таңда 68-ші орында тұр.

«Түрме тұрғындарының» азаюына байланысты Ішкі істер министрлігінің басшылығы коммуналдық-тұрмыстық жағдайы төмен кейбір қылмыстық-атқару мекемелерін жабу туралы шешім қабылдаған болатын. Осыған орай соңғы 1,5 жылда елімізде 7 колония жабылды», - деді Алмас Садубаев.

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, ҚР ІІМ,

Пікір қалдыру

Жоғары қарай