Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Солтүстік Қазақстанда интернет арқылы жасалатын алаяқтық өршіп тұр

2019 жылдың 24 тамыз 2019 10:34

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстікқазақстандық полицейлер өңір тұрғындарын интернеттегі алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, алаяқтар жаңа өмір ағымына тез бейімделіп, ақша жымқырудың жаңа әдістерін ойлап тауып жатыр.

«Жарнама сайтында Бурабайда демалу үшін үй жалдау ұсынысы жарияланған. Клиенттерге 15 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасау ұсынылды. Елорда тұрғыны жарнамада көрсетілген Qiwi-әмиянға ақша жіберген. Ол өзінің алданғанан жолдың бағытын нақтылау үшін «фирмаға» хабарласқан кезде бірақ білген. Кейін әйел полицияға шағым түсірді. Алаяқтардың Петропавлда екені белгілі болды», - деді баспасөз қызметі.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол 41 жастағы Петропавл тұрғыны болып шықты. «Алаяқтық» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Оның басқа да қылмыстық істерге қатысының бар-жоғы анықталуда.

Алаяқтар психологиялық қысымды пайдаланып, мерзімі шектеулі акциялар туралы айтады.

«Облыста таяу уақытта интернет-алаяқтық әрекеттерінің жаңа түрі пайда болуы мүмкін. Ол еліміздің басқа өңірлерінде тіркелді. Қаскүнемдер әлеуметтік желілерден медициналық қызметке, шұғыл операцияға мұқтаждар туралы жарнама іледі. Туыстарымен байланысып, көмектесуге дайын екенін жеткізеді: дәрігерлермен сөйлесіп, ота жасауды ұйымдастырады. Әрі қарай емдеу курсы туралы келісуге баратынын айтып, медициналық процедуралар жүргізу үшін алдын ала төлемге қаржының бір бөлігін жіберуді сұрайды. Ақшаны алған соң, байланысты үзеді», - дейді Криминалдық полиция басқармасы бастығының м.а. Марат Жұмалиев.

Жыл басынан бері облыста 30 интернет-алаяқтық әшкереленді.

Жоғары қарай