Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Солтүстік Қазақстанда 4 бала жидектен уланып, біреуі қайтыс болды

2019 жылдың 21 шілде 2019 16:48 446

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстанда 4 бала қасқыр жидек жеп уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қайғылы оқиға 16 шілде күні Уәлиханов ауданындағы көпбалалы отбасында болған. Келесі күні үш бала санавиациямен Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Осы отбасының 5 жасар баласы қайтыс болды. Бүлдіршін ұйықтаған күйі оянбай қойған. Кейін анықталғандай, балалардың анасы ештеңеден сезіктенбеген. Оның өзінің де жүрегі айнып, лоқсыған. Бірақ қалыпты жағдайға балап, мән бермеген.

«11 және 8 жасар жеткіншектер мен 8 айлық нәресте ауруханаға жатқызылды. Балалар жақында белгісіз бір жидекті жегендерін айтты. Келіп түскен кезде үшеуінің де жүрегі айнып, лоқсыды, іші өтті. Балалардың жағдайы өте ауыр болатын. Ем-дом дезинтоксикациялық терапияға бағытталды. Келесі күні балалар тәуірленіп, нефрология бөліміне ауыстырылды. Қазір жағдайы бірқалыпты, ауруханадан шықты», - дейді облыстық балалар ауруханасының анестезиолог дәрігері Екатерина Живнодей.

Қасқыр жидек – аса улы өсімдіктердің бірі. Оның бес жидегін жегеннің өзінде өмірге қауіп туындайды.

Жоғары қарай