Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 334.85
EUR 394.29
RUB 5.69
CNY 50.60

Солтүстік Қазақстан облысында астық жинау аяқталды

2017 жылдың 12 қазан 2017 14:31 787

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп құрылымдары астық жинау жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров «ҚазАқпаратқа» биыл өңірде 5,6 млн тонна астық бастырылғанын мәлім етті.

«Соңғы 6 жылда алғаш рет астық және бұршақ дақылдарының өнімділігі гектарына 18,2 центнерден артты», - деді Айдарбек Сапаров.

Жаңа өнімді қабылдау және сақтау үшін облыста лицензиясы бар 50 астық қабылдау кәсіпорны дайындалған. Олардың жалпы сыйымдылығы 3,4 млн тоннаны құрайды. Қалған 3,2 млн тонна астық агроқұрылымдардың қоймаларында сақталады.

«Қазір облыстық астық қабылдау кәсіпорындарына жалпы 1,1 млн астық жеткізіліп отыр. Агроқұрылымдар 2018 жылдың ауылшаруашылық дақылдарына бөлінген тұқымды толық сеуіп болды», - деді СҚО әкімінің бірінші орынбасары.

Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығын дамыту үшін солтүстікқазақстандық шаруаларға мемлекет тарапынан биылдың өзінде 42,5 млрд теңге бөлінгенін тілге тиек етті.

«Майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасып жатыр. 12 қазан күнгі жағдай бойынша егін жиналған алқаптар 89,6%-ті құрап отыр. Өнімділік гектарына 10,2 центнерді құраған. Ал күнбағысты жинау жұмыстары аяз түскен соң басталады», - деді Айдарбек Сапаров.

 

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай