Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының әкімдері футбол матчында ойнады

2019 жылдың 28 сәуір 2019 18:08

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Facebook-тегі парақшасында бос уақытында қандай спорт түрімен айналысатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің парақшасында 2 мыңға жуық жазылушы бар. Қ.Ақсақалов әлеуметтік желідегі аккаунтын жақында ашты. Ол оқырмандарына жұмыс барысы туралы, тіпті бос уақытын қалай өткізетінін де айтып отыруға тырысады. Өңір басшысы спортпен белсенді түрде айналысатын болып шықты.

«Спортты жақсы көремін, салауатты өмір салтын ұстанамын. Әсіресе, командалық спорт түрлері ұнайды. Хоккей, волейбол және футбол ойнаймын. Сондай-ақ, үлкен тенниспен де айналысамын. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін және демалыс күндері әріптестеріммен спорт алаңдарында кездесеміз. Өзіміздің түнгі хоккей лигамыз бар. Онда әуесқойлар ойнайды, дегенмен спорттық жарыстар кәсіпқой спорттан кем түспейді», - деп жазды облыс әкімі Facebook-те.

Кеше солтүстікқазақстандық шенеуніктер Ақмола облысындағы әріптестерімен хоккей ойнаған.

«Кеше бізге Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев бастаған делегация келді. Ермек Боранбайұлымен бірге хоккейден жолдастық кездесуге қатыстық. Ақмола облысы мен СҚО командалары ойнады. Мұз айдынына мемлекеттік және құқыққорғау органдарының басшылары шықты. Өте қызықты ойын болды», - деп жазды Қ.Ақсақалов.

Авторы Олеся Жуковень

Жоғары қарай