Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Словениядағы форумда «Смарт Алматы» жобасы екінші орын алды

2017 жылдың 5 қазан 2017 18:36 34

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Словенияда жетінші рет өткен «2017- Любляна» форумында «Smart Almaty» жобасы ең үздік деп танылып, Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің арасында «Қалалардың болашағы» номинациясы бойынша екінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кету керек, Словениялық Мариборский қаласының командасы «wCycle» жобасымен үздік деп танылды, ал үшінші орынды Хорватияның Загреб қаласының жобасы алды.

Биыл форумға 200-ден астам қатысушы жиналды.

Жиналғандар қаланың тұрақты дамуын талқылады. «Любляна форумы» төрағасы Блаз Голоб Алматы  тұрғындарын құттықтап, жобаны табысты жүзеге асыруға тілектестік білдірді.

«Форумға қатысушылар арасында әдемі қалалардың бірі Алматыдан өкілдер болғанына қуаныштымыз. Мен шын жүректен Сізді және Алматы қаласын таныстырған команданы құттықтаймын. «Smart City» саласындағы ең көрнекті жобаларға жыл сайын марапаттар беріледі. Алматы қаласы финалистердің бірі болғанын және қазылар алқасының шешімі бойынша «Smart Almaty» жобасы екінші орынды иеленгені туралы біз жариялауға қуаныштымыз», - деді Блаз Голоб.

«Ақылды қала» бағыты бойынша Алматы қаласының дамуы «Алматы-2020» қаланың даму бағдарламасына сәйкес және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарласының жобасына сәйкес жүргізіледі. Жоба қаланың барлық саласында заманауи теxнологияларды енгізуді жобалайды. Бұл қала тұрғындардың өмір деңгейін жоғарылатуға, жаңа қызметтерді еңгізуге және ТКШ инфрақұрылысы шығындарын төмендеуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда алғашқы «Open Almaty» жүйелік жобасы басталды. Бизнесті жүргізу үшін қажетті деректер кез келген адамға қолжетімді бола бастады. 

Алматы қаласының Бас жоспар порталында қызыл желілер мен инженерлік желілердің схемалары жарияланған. Жолдарды, жылу желілерін, аула алаңдарын, қоғамдық орындарын жөндеу бойынша әкімдіктің жоспары жарияланды. Бұдан былай жобаларды пысықтау үшін бизнес қала әкімшілігіне баруға тиіс емес.

«Almaty Towers» жайлы бизнес орталығында «бір терезе» қағидаты бойынша сол жерде кеңес алып, немесе веб-сайтқа және телефонға өтініш қалдыруға болады.

 

 

 

Перевод: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Экономика, Алматы,
Жоғары қарай