Ауа райы
Нұр-Сұлтан 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.93
EUR 423.00
RUB 5.87
CNY 54.82

«SKY SERVICE» тікұшақ апаты туралы түсініктеме берді

2019 жылдың 18 қаңтар 2019 17:42 530

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда тікұшағы апатқа ұшыраған «SKY SERVICE» компаниясы қайғылы оқиғаға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компанияның хабарлауынша, Airbus Helicopters EC 130T2 тікұшағы құлаған жерден жақын жерде қозғалтқыш жұмысының параметрін тіркеуші аппарат табылды. Мамандар бұл аппараттың қайғылы оқиға туралы біраз деректің басын ашарына сенімді.

«Бұл құралдар қозғалтқыштың жұмысын тіркеп отырады. Мұны өндіруші зауыттың өзі орнатқан.  Тергеу жұмыстарының нәтижесінде құрал тәркіленіп алынды. Әуе кемесінің тізгінінде болған Валентин Шитов барлық талаптардың сақталуын қамтамасыз еткен. Ұшуға шығуға барлық рұқсат құжаттары болған», - деді компанияның баспасөз қызметінен.

Әуе кемесінің эксплуатанты  - «SKY SERVICE»АҚ хабарлауынша, тікұшақ «Аэроэксперт» ЖШС техникалық орталығында техникалық қарауда болған. Соңғы рет техника 2019 жылы 9 қаңтарда толық тексеруден өткен. Тікұшақтың иесі «Тау Логистик Way» ЖШС.

Айта кету керек, қайғылы оқиға кеше Алматыда Наурызбай ауданына қарасты Тау самалы шағын ауданында болды.

«Алатау» шипажайының ашық аумағына «Sky Service» әуе компаниясының меншігіндегі Еврокоптер-130 тікұшағы құлады.

51 жастағы ұшқыш Валентин Шитов жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Тікұшақ «Боралдай-Үлкен Алматы» көлі бағытында ұшып бара жатқан.

Ал көліктегі ПД қызметкерлері аталған дерекке байланысты істі ҚР ҚК 344-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркеді (Әуе көлігін пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзу).

Тергеу жұмыстары басталды.

 

 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Көлік, Қоғам,
Жоғары қарай