Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

СҚО полицейлері ведомстволық госпитальдің қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

2019 жылдың 15 маусым 2019 08:45

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында Медицина қызметкерлері күнін ведомстволық госпитальдердің дәрігерлері де атап өтті. Аймақтық Полиция департаментіне қарасты емхана-госпитальде қазіргі таңда 68 қызметкер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір тұрғындарының тыныштығын 2000 тәртіп сақшысы күзетсе, полицейлердің денсаулығы «СҚО ПД емханасы мен госпиталі» ММ-нің 68 қызметкерінің бақылауында.

Жалпы алғанда госпиталь 20 мың адамға қызмет көрсетеді, олар: полицейлерден басқа, ҚР Ұлттық Ұланы Әскери институтының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаментінің, прокуратураның, басқа да күш құрылымдарының қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері.

Емхана бір күнде 250 адамды қабылдай алады. Бұдан басқа 30 орынға шақталған стационар, бактериологиялық және клиникалық зертханалар жұмыс істейді. Медициналық орталық қызметкерлері ішкі істер органдары зейнеткерлерін назардан тыс қалдырмайды, үйлеріне барып, қажетті ем-дом жасап, тексерістен өткізіп тұрады.




null
Мерекеге орай департамент басшысы Марат Төлебаев госпитальға қажет бағалы сыйлықтар - тұрмыстық техника тапсырды. 18 қызметкер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Құрмет көрсетілгендердің ішінде мекеменің 6 ардагері, дәрігерлер, медбикелер мен санитарлар бар.

«Ардагерлеріміз бен қызметкерлеріміздің денсаулығы үшін жасап жатқан қызметтеріңізді бағалаймыз. Сіздер адамға берілген ең үлкен байлық - өмір мен денсаулықты күзетесіздер, сақтайсыздар. Әрқайсымыздың сіздерге деген алғысымыз шексіз. Өздеріңіздің күнделікті еңбектеріңізбен қошемет-құрметке лайықсыздар», - деді Марат Төлебаев.

Кеш Полиция департаментінің вокалды тобының концертіне ұласты.




null

Жоғары қарай