Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

СҚО-ның Весёловка елді мекенінде өрт шығып, қамыс үй тұтас жанып кетті

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 17:10

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданы Весёловка елді мекенінде қамыс үй өртенді, отбасы мүшелері аман, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы жөнінде хабар «101» нөміріне 19 қаңтар күні таңғы сағат 7.44 минут кеткенде түскен. Өрт шыққан Весёловка мен №22 өрт сөндіру бекеті орналасқан Возвышенка елді мекенінің ара қашықтығы 40 шақырым.

Өрт сөндірушілер жеткенше баспана жалынға оранған. Мамандар бірден өртті сөндіруге кіріскенімен үйді аман алып қалу мүмкін болмады. Өрт сөндірушілер сағат 12.26-да өртты толық сөндіргенімен, ауданы 90 шаршы метр қамыс үй тұтас жанып кетті.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін. Қазір нақты себебі және келген шығын мөлшері анықталып жатыр.


Жоғары қарай