Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

СҚО-ның екі тұрғыны 1 ай Арктикада тұрып, экологиялық экспедицияға қатысты

2019 жылдың 16 тамыз 2019 16:24

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны Ресейдің Вилькицкий аралында бір ай тұрып, «Жасыл Арктика» атты халықаралық экологиялық экспедицияға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кар теңізінде орналасқан Вилькицкий аралы – Ямал-Ненец автономиялық округінің ең солтүстігі болып есептеледі. Жаздың ортасында мұндағы ауа температурасы +15 пен - 1 градус аралығында сақталады. Кезінде әскери база мен метеостанса орналасқан аралдың экологиясына бүгінде мыңдаған тонна темір қалдықтары нұқсан келтіріп жатыр.





Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында бірнеше жыл бұрын Орыс географиялық қоғамы «Жасыл Арктика» халықаралық экологиялық экспедициясын ұйымдастырды. Қазақстан да игі істен шет қалмай, екі жыл қатарынан аралды тазартуға өз үлестерін қосып келеді.

11 шілде мен 10-тамыз аралығында өткен экспедицияға биыл Қазақстаннан, Ресейден, Молдовадан және Израильден 30 ерікті қатысты. Елімізден барғандардың екеуі де М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті.





«2017 жылға дейін Белое аралы қоқыстан тазартылды. Енді тазарту жұмыстары Вилькицкий аралында жүріп жатыр. Қазір бұл аралда ешкім тұрмайды. Біз шашылған темір қалдықтарын, 200 литрлік бөшкелерді жинап бір жерге үйдік. 60 га аумақты тазартуға күш салдық. Күн суық, үнемі жел тұрады және ылғалдылық жоғары. Қасымызда ақ аюлар жүрді. Керемет әсер алдым», - дейді экспедиция мүшесі, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ магистранты Роман Гиричев.

Бір ай Арктикада өмір сүрген волонтерлер осы аралықта 200 тонна темір қалдығы мен 500- ден астам ескі бөшкелерді жинап, үйіп, 20 құрылыс нысанын бұзған. Экологиялық экспедиция келер жылы да жалғасын табады.





























Жоғары қарай