Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

СҚО қаржы басқармасының басшысы қызметінен кетті

2019 жылдың 24 маусым 2019 22:38

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкімжанов қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов қаржы басқармасы басшысының шешімін дұрыс деп санайды. Өйткен ол өз орынбасарының жұмысын тиісті деңгейде қадағалай алмаған.

«Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Егер қол астындағылар сыбайлас жемқорлыққа қатысы болса, басшылар өз орнынан кетуі керек. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымы. Қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкімжанов өзінің орынбасарын тиісті түрде қадағалай алмады. Сондықтан, ол өз еркімен отставкаға кетуді жөн деп санады, мен отставканы қабылдадым», - деді Құмар Ақсақалов жастармен өткен кездесу барысында.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш күн бұрын СҚО Қаржы басқармасы басшысының орынбасарына 83 млн теңге ұрлады деген айып тағылды.

Жоғары қарай