Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

СҚО-да жыл басынан бері 936,3 млн теңгенің заң бұзу әрекеттері анықталды

2019 жылдың 12 сәуір 2019 21:17

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында бірінші тоқсанда 38 аудиторлық тексеріс жүргізілді. 1 523,2 млн теңге бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы назарға алынып, нәтижесінде 936,3 млн теңге бойынша заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде 1 308,8 млн теңге мемлекеттік сатып алу заңнамасының орындалуы бойынша тексеріліп, 574,2 млн теңге заңсыз шығындалғаны белгілі болды.

Ішкі аудит департаменті мамандарының айтуынша, камералдық бақылау барысында да көптеген заңбұзушылықтар анықталған. Кейбір бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік органдар заңды белшесінен басып, өз талаптарына бағынбағандарды конкурсқа қатыстырмай қойған.

«Камералдық бақылау жүйесі бойынша жиынтық құны шамамен 82 млрд теңгенің 25 мыңға жуық лотын тексердік. Нәтижесінде 12 млрд теңгенің заңбұзушылығы анықталды. Бұл - 324 лот. Конкурсты ұйымдастырушылар қитұрқы әрекеттерді көп ойлап табады. Заңдағы шарттарды ысырып тастап, өздері ойлап тапқан ережемен жұмыс істейді. Тұрғындардан басы артық құжаттар сұратады», - дейді СҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы Ердос Багенов.

Заңбұзушылықтарға жол берілгені үшін 1 659,3 мың теңге бойынша 19 әкімшілік іс жүргізіліп, барлық сома бюджет кірісіне өндіріліп алынған.

Жоғары қарай