Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

СҚО-да жүк көлігінің тақтай тиелген тіркемесі аударылды

2020 жылдың 14 қаңтар 2020 18:41

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тас жолда жүк көліктің тіркемесі аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 қаңтар күні Мамлют ауданының Покровка елді мекенінің жанындағы айналма жолда «КАМАЗ» көлігінің тіркемесі аударылды. Тіркемеде 20 тонна тақтай болған. Көлік жүргізушісі, Шымкент қаласының 42 жастағы тұрғыны рөлге ие бола алмай қалыпты. Ол жүкті Ресейдің Түмен қаласынан Бішкекке дейін жеткізуі тиіс болған.

Жергілікті тұрғындар тіркемені тақтайдан босатуға көмектесті. Өтіп бара жатқан жүргізушілердің бірі тәртіп сақшыларына хабар берді. Олар өз кезегінде оқиға орнына жылдам жетіп, қалған қызметтің жұмысын ұйымдастырды. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері кранмен тіркемені көтерсе, «Қазавтожол» мамандары тиісті белгілер қойып, жолды уақытша жапты. Көлік ағыны «Челябі-Новосібір» тас жолы арқылы жалғасты.





«Патрульді полиция батальонының қызметкерлері оқиға орнында кезекшілік етіп жатыр. Қазір көлікті жөндеу және жүкті жеткізу мәселесі шешіледі. Біздің қызметкерлер әдетте жүргізуші жолын жалғастырғанша дейін көмек көрсетеді. Қыс мезгілінде мұндай оқиғалар жиі болып тұрады», - дейді СҚО ПД патрульді полиция батальонының командирі Ерлан Мадиев.





Жоғары қарай