Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

СҚО-да «Жасыл ел» бағдарламасына қатысуға екі есе артық адам тілек білдірген

2019 жылдың 12 шілде 2019 16:50 506

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Жасыл ел» еңбек жасағына 665 адам алынуы керек болса, жастардан 1050 өтініш түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары СҚО штабының мәліметінше, биыл жастар маусымның 1-інен бастап жұмысқа кірісті. Өткен айда 91 сарбаз жұмыс істесе, осы айда бағдарлама аясында 346 жас қамтылмақ. Олардың еңбекақысы атқаратын жұмыстарына байланысты 30 бен 75 мың теңге аралығында.

null 

«Жыл сайын орман шаруашылықтарында 323 сарбаз еңбек етеді. Олар ағаш ішін арамшөптен, қоқыстан тазартады, сыпырғыш байлайды. Тәлімжайларда жұмыс істейді. Сондай-ақ жастарды қалаға, аудандардың жастар ресурстық орталықтарына да жұмысқа орналастырамыз. Биыл «Зенченко и К» командиттік серіктестігі, «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ, «Қызылту Су арнасы» ЖШС сарбаздарды жұмысқа алды», - дейді  «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары СҚО штабының төрағасы Асқар Баймұқанов.

Петропавл қаласында бүгінгі күні 4: еріктілердің 2 отряды, экологиялық және медиа-жасақтар еңбек етуде. Еріктілер өткен айда жалғызбасты 15 ардагер мен қартқа көмек көрсеткен. Экологиялық жасақ «Таза аула», «Таза жағалау» және «Саябақтардың маршы» атты бірнеше акцияны ұйымдастырып, ПИК төрағаларымен тығыз жұмыс істеген. Медиа отряд күнделікті атқарған жұмыстары жайында әлеуметтік желілерде есеп береді екен.

«Жасыл ел» сарбаздары үлкен отбасы секілді. Қала және облыстағы іс-шараларға белсенді қатысады. Спорттық жарыстарда жүлделі орын алып жүр. Жұмыстан бос уақытта табиғат аясына бірге шығамыз, ән айтып, ойындар ойнаймыз. Содан да болар «Жасыл ел» қатарына өтуге тілек білдірушілер саны артып келеді», - дейді Асқар Баймұқанов.

Биыл бағдарлама аясында 665 адам жұмысқа алынады. Облысқа бөлінетін квота биыл да өзгеріссіз қалған. Штаб мүшелерінің айтуынша, бұл өте аз. Өйткені жастардан осы уақытқа дейін 1050 өтініш түскен.

Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының құрылғанына 15 жыл. Мерейтойлық еңбек маусымының республика бойынша жабылуы Петропавл қаласында өтеді деп жоспарланған.



null 

 

Жоғары қарай