Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

СҚО-да жартылай дайын өнімнен ішек таяқшасы табылды

2019 жылдың 30 қазан 2019 18:59

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Максимальный размах» фирмасының жартылай дайын өнімінен ішек таяқшасы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өнім Аққайың ауданы Астраханка елді мекеніндегі дүкендердің бірінен алынған. Аққайың аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлерінің айтуына қарағанда, тауарды сатушы тарапынан заң бұзушылық жоқ. Ол өнімді талапқа сай суық жерде сақтаған, қажетті құжаттарды да тексерушілерге көрсеткен. Қазір ведомство өнім өндірушіні жоспардан тыс тексеріп, сауда орындарынан қалған өнімді алып тастамақ. Жартылай дайын өнімді «Максимальный размах» ЖШС тапсырысы бойынша «Калинин» жеке кәсіпкерлігі әзірлеп келген. Мамандар бүгінгі таңда эпидемияға қарсы барлық тиісті шараларды жүргізіп жатыр.

«Кәсіпорын қызметкерлері дәретханадан кейін қолдарын жумауы мүмкін. Яғни, жеке гигиена талаптарын сақтамаған. Немесе қондырғыны тиісінше жумаған. Бұл бактерия термиялық өңдеуден кейін жойылады. Тексеру нәтижесінде заңбұзушылық анықталатын болса, жеке кәсіпкерге 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», - дейді Петропавл қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әсет Жұматаев.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жыл басынан Петропавл қаласының 32 сауда нысанында мониторинг жүргізіліп, азық-түлік, тұрмыстық химия, балалар тауарларының, ойыншықтардың, лак-бояу өнімдерінің, ересектерге арналған киімдер мен аяқ киімдердің 968 сынамасы алынды.

Жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша 9 кәсіпорын басшысы мен жеке кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олқылықтарды жою туралы 19 ұйғарым енгізіліп, 2 материал Петропавл қалалық әкімшілік сотына жіберілді.

Жоғары қарай