Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
CNY 55.70

СҚО-да талапты орындамаған 7 кәсіпкер жалға алған көлді қайтарып берді

2019 жылдың 11 шілде 2019 18:33 395

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында  екі мыңнан астам көл болса, соның 322-сі бүгінгі күні жалға берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да 2 мыңнан аса көл бар. Оның 491-і балық шаруашылығын дамытуға қолайлы. 322 көл 146 кәсіпкерге жалға берілсе, қалғаны қор ретінде сақтаулы.

Есіл ауданындағы Кіндікті көлінің жалға берілгеніне биыл 20 жыл. 200 га аумақты алып жатқан су қоймасының тереңдігі 5 метрге дейін жетеді екен. Қазір мұнда балықтың 15 түрі кездеседі. Бұл - жергілікті кәсіпкер Вячеслав Смирновтың еңбегінің арқасы.

«Көлді жалға алған кезде балықтың 3-ақ түрі болатын. Алайда, бұл көлмен жолым болды. Балық өсіруге ыңғайлы. Қысы-жазы аулаймыз. Жылына 18 тоннаға дейін өнім аламыз. Алайда, мұның бәрі маңдай тердің нәтижесі. Қазір көлге жіберетін шабақтарды өзім өсіремін. Инкубациялық цехым жұмыс істейді», - дейді кәсіпкер Вячеслав Смирнов.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандарының айтуынша, табиғатты пайдаланушылармен міндетті түрде келісімшарт жасалады. Алайда көлді жалға алушылардың барлығы бірдей талаптарды орындай бермейді екен.


null 

«Табиғат пайдаланушы балық шаруашылығын дамыту жайында жоспар құрып, сол бойынша есеп беріп отыруы керек. Талаптың бірі - жыл сайын су қоймаларын балықтандыру, сондай-ақ су қоймаларын қорғауға, материалдық-техникалық базаны жақсартуға белгілі бір қаржы салулары қажет. Мұны орындамаған жағдайда біз біржақты тәртіппен келісімді бұза аламыз», - дейді СҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Жануарлар дүниесі және балық ресурстары бөлімі жетекшісінің м.а. Михаил Никитин.

Мамандардың айтуынша, былтыр жалға алушылардың біреуі өз еркімен көлден бас тартқан.  Биыл жыл басынан талапты орындамаған 7 кәсіпкермен келісімшарт бұзылды.



null  

Жоғары қарай