Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

СҚО-да шұңқырдан мектеп оқушысының денесі табылды

2019 жылдың 15 қазан 2019 20:43

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының Булаево қаласында қазаншұңқырдан жоғары сынып оқушысының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаментінің хабарлауынша, қыздың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Оқушының сырт киімі мен ұялы телефоны шұңқырдың жанынан табылған.

Белгілі болғанындай, 17 жастағы қыз 13 қазан күні кешкісін сағат 10-00-дер шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оның туғандары М.Жұмабаев ауданының полиция бөліміне хабарласқан. Қыздың денесі келесі күні іздестіру шараларының барысында табылды.

«Қыздың денесін тексеру кезінде қылмыс ізі байқалмады. Бұл оқиға сотқа дейінгі тергеу реестрінің тізіліміне енгізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды. Қыздың отбасы да жайсыз отбасылардың қатарынан емес»,-деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Жоғары қарай