Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

СҚО-да шамамен әр үшінші мектеп оқушысында көз ауруы бар

2019 жылдың 8 сәуір 2019 22:34 714

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық оқушылар арасында көз аурулары бірінші орында тұрса, екінші кезекте жүйке-психикалық және омыртқа жотасының қисаюы көптеп кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімдігінің отырысында өңірдің санитарлық эпидемиологиялық  жағдайы турасында айтқан мамандар оқушылардың денсаулығына көңіл аудартты. 2018 жылдың қорытындысы бойынша қаралған әр мың баланың 36,6 %-ында көру патологиясы бар. 13,8%-бен жүйке-психикалық аурулар тіркелсе, балалардың 12,9%-ында омыртқа жотасының қисаюы, 8,2%-ында асқазан-ішек жолы аурулары кездеседі.

СҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Серікбай Қасмақасовтың айтуынша, оқушылардың денсаулығы оларға жасалған жағдаймен тығыз байланысты. Кей мектептерде кәріз жүйесі, су мәселелері шешілмеген, оқушылардың жасы мен бойына сәйкес келетін жиһазбен толық қамтылмаған. Облыстағы 244 мектеп қана (50,8%) орталықтандырылған су жүйесіне қосылған, 27-сінде (5,6%) мектептің өз су көзі болса, 209 білім ордасына (43,5%) су тасып жеткізіледі.

Облыста барлығы 480 мектеп болса, соның 84-інде (17,5%) дәретхана далада орналасқан.

«Спорт залдары М.Жұмабаев ауданының  6 мектебінде, Тайынша ауданының 8 мектебінде жоқ. Бұдан басқа спорт құралдары көптен бері жаңаланбаған. Қазіргі таңда спорт залдары 94,5%-ға ғана толықтай жарақтандырылған», - дейді Серікбай Қасмақасов.

 

 

Жоғары қарай