Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

СҚО-да полицей өз-өзіне қол жұмсады

2020 жылдың 18 ақпан 2020 23:19

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкері асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Аққайың аудандық полиция бөлімінің 29 жастағы қызметкері Петропавлда жалға алған пәтерде асылып қалған. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Смирново елді мекенінің тұрғыны 15 ақпан күні Петропавлда жалға алған пәтерде өз-өзіне қол жұмсаған. Аққайың аудандық полиция бөлімі қызметкерінің өліміне қатысты жеке қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеруді бастады. Тергеудің барысын полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев өз бақылауына алды», - деді баспасөз қызметкерлері.

Сотқа дейінгі тергеу «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша жүргізіліп жатыр.


Жоғары қарай