Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

СҚО-да «Парыз» республикалық конкурсының аймақтық жеңімпаздары марапатталды

2019 жылдың 27 қыркүйек 2019 17:42

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша ұйымдастырылған «Парыз» республикалық байқауының аймақтық жеңімпаздарының есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда «Парыз» республикалық байқауының өңірлік жеңімпаздары марапатқа ие болды. Құрамына жергілікті атқарушы органдардың, кәсіподақтардың, жұмыс берушілер мен кәсіпкерлердің өкілдері кірген сараптамалық жұмыс тобы ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында 4 номинация бойынша 18 лауреатты анықтады.

«Парыз» республикалық байқауы биыл он бірінші рет ұйымдастырылды. Конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Сондай-ақ қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде жеке кәсіпкерлерді ынталандырып, олардың оң тәжірибесін көрсетіп, басқаларға үлгі ету – негізгі міндеттердің бірі.

СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, конкурстың алғашқы – өңірлік кезеңіне қатысуға кәсіпорындар мен ұйымдардан 38 өтінім түскен. Нәтижесінде «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «Севказэнерго» АҚ, шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында Аққайың ауданының «Меденникова С.Ф.» жеке кәсіпкерлігі жеңімпаз деп танылды.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «Қазақтелеком» АҚ СҚОФ және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында Ақжар ауданының «Талшық Астық-LTD» ЖШС үздіктер қатарынан көрінді.

Ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік ұжымдық шарт»

«Қазақпошта» АҚ СҚОФ болса, орта кәсіпкерлік субъектілері арасында Қызылжар ауданының «Молсервис» ЖШС бірінші орын алды. Ал шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында М.Жұмабаев ауданының «Рика KZ» ЖШС жеңімпаз атанды.

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында Петропавл қаласындағы «Сапро-НАТ» ЖШС марапатқа ие болды.

Жоғары қарай