Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

СҚО-да күре жолдардың бойына жылы дәретханалар орнатылмақ

2019 жылдың 2 тамыз 2019 21:39 163

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың бойына жылы дәретханалар орнатылатыны жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы Болатбек Айтбаевтың айтуынша, жылы дәретханаларды күре жолдардың бойына орнату жұмыстары биыл басталмақ. Алғашқылары Покровка, Драгомировка, Рощинское, Саумалкөл, Пресновка, Чкалово, Кішкенекөл елді мекендерінің, Булаев, Мамлютка қалаларының және «Жаңажол» мен «Қарақоға» шекара өткізу бекеттерінің жанында тұрғызылады.

«Дәретханаларды инвестициялық қаржыға орнатуды жоспарлап отырмыз. Кейін бұл нысандарды өз қаражатымызға күтіп ұстайтын боламыз», - дейді Болатбек Айтбаев.

Филиал бұған дейін «Көкшетау-Омбы» автожолының Чкалово елді мекенінің маңында «Kaz Way» жол павильонын салатынын айтты. Нысанның ішінде жылы дәретхана мен автобус аялдамасы болмақ.

СҚО-да жол бойында қызмет көрсету нашар дамыған. Мұны өңір басшысы Құмар Ақсақалов талай сынға алды. Жыл басында өткен жиындардың бірінде облыстағы жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарының 70% талапқа сай еместігі айтылған еді.

Жоғары қарай