Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

СҚО-да еуростандартқа сай сүт фермасы іске қосылды

2019 жылдың 4 қазан 2019 23:36

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Меңгесер елді мекенінде жаңа сүт фермасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Мамлют ауданындағы Меңгесер елді мекенінде ашылған сүт фермасы «Мәмбетов және К» командиттік серіктестігіне тиесілі. Құрылысы былтыр басталған нысан Германиядан әкелінген заманауи жабдықтармен жарақтандырылды. Ферма толық цифрландырылған. Жобаның құны 2,3 млрд теңге.

Жаңа ферманың жұмысымен танысқан СҚО әкімі Құмар Ақсақалов бұл жайында Facebook желісінде оқырмандарымен бөлісті.

«Бүгін «Мәмбетов және К» КС-нің Меңгесердегі жаңа сүт фермасына бардым. Цифрлық ферма еуропалық қондырғылармен жабдықталған. 35 тұрақты жұмыс орны ашылды. Енді ауылдықтар жыл бойына еңбекпен қамтылмақ», - деп жазды Құмар Ақсақалов.




Шаруашылық симментал тұқымдас ірі қараның басын көбейткен. Ал әр сиырдан жылына 6 мың литрге дейін сүт алуға болады екен.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, биыл өңірде 4 сүт фермасы ашылады. Бұл сүт өндірісін 11 мың тоннаға ұлғайтпақ. 2018 жылы 4 ферма іске қосылды. Келесі жылға осындай тағы 10 кешеннің құрылысы жоспарланған.




Жоғары қарай