Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

СҚО-да биыл үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешіледі

2019 жылдың 21 ақпан 2019 19:23 979

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында биыл үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі толығымен шешіледі. Сондай-ақ ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеген білім мекемелері күрделі жөндеуден өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл облыстағы мектептерді жөндеуге бөлінетін қаржы көлемі 12 есеге ұлғаймақшы. 120 мектепті жөндеуге 5 млрд теңге бағытталады.  Бұл жайында облыс әкімі Құмар Ақсақалов халық алдындағы есептік кездесуде мәлімдеді.

«Көп жылдар бойы қаржының жоқтығынан мектептерді жөндеуге 400 млн теңге бөлініп келді. Биыл 120 мектепті жөндеуге 5 млрд теңге бөлінді. Бұл мектептерде 35 мың оқушы оқиды», - деді Құмар Ақсақалов.


null 

Қазір Петропавл қаласында 2 400 орынға шақталған 3 мектеп салынуда. Сөйтіп, үш ауысымдағы мектептердің мәселесі шешімін табады.

Өңір басшысының айтуынша, облыстағы 3-6 жастағы балалардың барлығы балабақшамен қамтылған. Былтыр ашылған Оқушылар сарайында 1,5 мың бала қосымша білім алады.

Айта кетерлігі, «Digital URPAQ» сарайы - Елбасының солтүстікқазақстандық балаларға жасаған сыйы. Қазіргі уақытта мұнда роботтық техника, көркемөнер, мәдениет, ғылымдарды қамтыған 87 үйірме бар. Осының арқасында қосымша біліммен қамту 91% жетті.

Сондай-ақ М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің жаңа оқу-зертхана корпусы салынады. Студенттер үшін 2 мың орындық 5 жатақхана тұрғызылады. 

 

 

Жоғары қарай