Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

СҚО-да бір ауылдың халқын қауіпсіз жерге көшіріп жатырмыз - ТЖК

2019 жылдың 1 сәуір 2019 19:28 858

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында екі ауылды су басу қаупі бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Марат Күлдіковтың айтуынша, Сілеті қоймасынан суды көптеп жіберілуіне байланысты Солтүстік Қазақстанда Қаратал мен Құлдыкөл ауылдарын су басуы мүмкін. Қазіргі кезде Сілеті су қоймасы 95 процентке толып тұр. Сол себепті суды жіберіп тұруға тура келіп отыр.

«Бүгін күндіз сағат 12:00-ден бастап біз Қараталдың тұрғындарын алдын ала қауіпсіз жерге көшіре бастадық. Осы уақытқа дейін тікұшақпен 33 адам эвакуацияланды. Сосын туған-туыстардың үйіне және мектептегі арнайы эвакуациялық бекетке көшіп жатқандар да бар. Бұдан бөлек, 2 754 бас малды қауіпсіз жерге айдап тастады», - деді М.Күлдіков Астанадағы шұғыл баспасөз мәслиxатында. 

Оның айтуынша, Қаратал ауылында 233 адам тұрады. Бірақ барлығына су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Сол себепті тек су басу қаупі бар тұрғындар ғана қауіпсіз жерге көшіріледі. Ал Құлдыкөл аулында шеткі үйлерді су басуы әбден мүмкін. 

Фото: azattyq.org

 

 

Жоғары қарай