Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 354.12
EUR 416.73
RUB 5.37
CNY 51.65

СҚО-да ауылдық музейде 13 ғасырдағы ат әбзелі сақтаулы тұр

2018 жылдың 13 шілде 2018 07:59 587

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Шал ақын ауданы Ақанбарақ ауылында «Асыл қазына» музейі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараты бойынша, ол алты жәдігерден жасақталған. Онда фотоматериалдар, архивтік құжаттар, құнды жәдігерлер ұсынылған. Ауылдық музейінде үлкен бейнехана бар.



null«Біз музейді ашық әрі қолжетімді етіп жасадық. Бізде 1894 жылғы құжаттар бар. Ең ежелгі жәдігер 13 ғасырға тиесілі. Ол біздің ауылдың аумағынан табылған ат әбзелдерінің бөлігі. Экспонат күмістен жасалған», - деді экскурсия жетекшісі Ирина Бадаева.



nullЕң үлкен экспозиция Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған. Осы ауылдан майданға 200 адам аттанып, 54 адам ғана оралған. Қазір ауылда ешқандай ардагер қалмаған.



null«Бізде әр ардагер бойынша жұмыс істейтін іздеу жасағы бар. Үлкен естелік кітабы жинақталды, қазіргі таңда экспозиция санын кеңейтіп жатырмыз», - деді И. Бадаева.

Орта және аға буыннан құралған іздеу жасағы музей кеңесінен тапсырма алып отырады. Оқушылар ауылдағы ақпараттар мен экспонаттарды жинақтайды. Музей қоры ұдайы толығып отырады.

Музейде «Бір шаңырақ астында» этнобұрышы бар. Болашақта жеке этнобөлме ашу жоспарлануда. 

 

Жоғары қарай