Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

СҚО-да аудандық аурухананың бухгалтері 20 млн теңге жымқырған

2019 жылдың 19 қараша 2019 12:48

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық ауруханасының бухгалтері 20 млн теңге бюджет қаржысын қалтасына басқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, аурухананың есепшоттарынан қаржының ұрланғандығы жөнінде сәуір айында анықталған. Нәтижесінде «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қылмыстық істі тергеу барысында 2016 жылдың қаңтары мен 2018 жылдың желтоқсаны аралығында аудандық аурухананың бухгалтері қызмет бабын пайдаланып, республикалық бюджеттен түскен қаржыны өзінің жеке есепшотына аударып отырған. Ол ақша кәсіпорынның қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне және қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін бөлінген», - дейді департамент мамандары.

Үш жылдың ішінде аудандық аурухана бухгалтері жалпы сомасы 20,8 млн теңгені жымқырған. Ол келген шығынды толығымен өтеді. Сот экс-бухгалтерді айыпты деп танып, 3 жылға шартты түрде жаза кесті. Сондай-ақ ол 5 жылға дейін материалдық жауапкершілігі бар қызметтерге орналаса алмайды.

Жоғары қарай