Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 22 қазан 2019 13:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 23-24 қазандаСолтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деген болжам бар, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі.

23 қазандаоңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Түнде желдің күші секундына 15-20 метрге, кей жерлерде екпіні 25 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

24 қазандажел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, күндіз кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Петропавл қаласында 23-24 қазандажаяу бұрқасын , көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

24 қазанда күндіз желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді деп күтілуде.

Ауа райының бұзылу ықтималдылығы 90-95 %.

Жоғары қарай