Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

СҚО-да анасы мен қызы иіс тиіп, жансақтау бөліміне түсті

2019 жылдың 19 тамыз 2019 18:46

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында анасы мен қызы иіс тиіп, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етілгендей, оқыс оқиға Айыртау ауданындағы Никольское ауылында 18 тамыз күні болған. Мамандардың айтуынша, 46 жастағы әйел пештің мұржасын ерте жауып, салдарынан улы газ шыққан. Иіс тиген әйел мен оның 9 жасар қызы Айыртау аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы бір қалыпты.

Жалпы жыл басынан облыста 26 адам зардап шеккен осындай 13 оқиға тіркелген. Салдарынан екі адам көз жұмды.

Жоғары қарай