Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

СҚО-да 2 жасар сәби терезеден құлап көз жұмды

2019 жылдың 20 тамыз 2019 18:10

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат –Новоишимка елді мекенінде 2 жасар сәби көп қабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін, түскі сағат 12:15-те Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимка елдімекенінде болған. Осындағы Локомотивная көшесіндегі 5 қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен абайсызда москит торын итеріп, 2 жасар қыз құлап кетті. Шұғыл аудандық орталық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қала алмады.

СҚО-да жыл басынан 3 бала абайсызда терезеден құлап, мерт болды.

Жоғары қарай