Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

СҚО-да 1 жасар сәби терезеден құлап көз жұмды

2019 жылдың 19 маусым 2019 20:17 978

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда 2018 жылы туған қыз көп қабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға бүгін кешкі сағат 18.10-да болған.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 жасар қыз бала Қазақстан Конституциясы көшесіндегі 9 қабатты үйдің соңғы қабатынан құлап кеткен. Алған жарақаттардан сәби сол жерде көз жұмды.

Осыған орай құтқарушылар сақтық шараларын ұмытпауды сұрайды. Яғни, үйде бала болған жағдайда терезені ашық қалдырмауды, терезенің қорғанышы болмаса москиттік торды қолданбауды, әсіресе терезе, балкон қасында ойнап жүрген баланы бақылаусыз қалдырмауды, терезе жанына жиһаз қоюмауды ескертеді. Сондай-ақ ата-аналар ересек балаларын кішілеріне бас-көз болуды үйреткендері жөн.    

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда саудада терезеге қоятын түрлі қорғаныш блокираторлар жетерлік. Ол балаға терезені өздігінен ашуға мүміндік бермейді.

Осыдан бір апта бұрын Петропавлда 2 жасар сәбидің бесінші қабаттан құлап мерт болғандығы жөнінде айтқан едік.

 

 

 

 

 

 

Жоғары қарай