Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

СҚО басшысы мен аудан әкімдері футболдан сайысты

2019 жылдың 19 маусым 2019 23:48 808

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орайластырылған облыстық спартакиада басталды. Шараны өңір басшысы Құмар Ақсақалов ашып, аудан әкімдерімен бірге футбол ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі спартакиада басталды. Биыл оған 27 команда қатысып жатыр. Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне СҚО әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

«Мемлекеттік қызмет өте жауапты жұмыс, білім мен жоғары мәдениеттілікті талап етеді. Мемлекеттік қызметшiлер саламатты өмір салтын ұстанып, басқаларға үлгі көрсету керек»,- деді өңір басшысы.


null 

Спартакиада спорттың алты түрінен: волейбол, стол теннисі, гір көтеру, тоғызқұмалақ және дойбыдан өтеді. 1 мыңға жуық мемлекеттік қызметші екі күн бойы сайысады.


null 

Шараның ашылуынан соң «Қызылжар» және «Солтүстік» командалары арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті. Футбол алаңына Құмар Ақсақалов пен аудан әкімдері шықты. Ойын 2-1 есебімен облыс әкімі ойнаған «Қызылжардың» пайдасына аяқталды.  



null 

null 

null  

 

Жоғары қарай