Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

СҚО әкімі өңірде құрылыс материалдарын шығару ісін қолға алуды тапсырды

2019 жылдың 20 тамыз 2019 07:20

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде құрылыс индустриясын дамыту керек деген пікірде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінде өткен мәжіліс барысында өңір басшысы құрылыс материалдарының сырттан тасымалданатынына қынжылыс білдірді. Құмар Ақсақаловтың пікірінше, құрылыс материалдарын елімізде өндіру керек. Оның үстіне өңірде құрылыс қарқыны жыл сайын үдеп барады.

«Бәрін сырттан әкеліп жатырмыз. Тіпті қиыршық тастың өзі 90% басқа жақтан жеткізіледі. Енді құмды сырттан әкелетін болсақ тіпті керемет болады. Шатырға қажетті материал да жоқ. Енді қараңызшы, неге тұрғын үйдің әр шаршы метрі удай қымбат. Жеке құрылыс компаниялары коммерциялық құрылыс салуға ынтасыз.

Индустриалды-инновацилық даму саласының басты міндеті, құрылыс басқармасымен бірлесіп, осы мәселені шешу. Нақты ұсыныстар беріңіздер. Қазір құрылыс материалдарына деген сұраныс күшті. Ал біз қаржыны өзге өңірлерге беріп жатырмыз»,-деді облыс әкімі.

Әкімдіктің мәжжілістерінің бірінде Статистика департаментінің жетекшісі Марал Нұржаупова бірінші жартыжылдықта құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 6% ұлғайғандығын айтқан болатын. Құрылыс көлемінің деңгейі Петропавл қаласы мен облыстың 9 ауданында ұлғайған.

Жарты жыл ішінде өңірде жалпы аумағы 67 мың шаршы метрді құрайтын 548 пәтер пайдалануға берілген. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 12% көп.

Жоғары қарай