Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

СҚО әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

2019 жылдың 22 қазан 2019 18:06

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратына жаңа басшы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және СҚО әкімінің өкіміммен Олжас Нұрланұлы Ыдырысов Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

О лжас Ыдырысов 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде және Іс Басқармасы жүйесінде жұмыс істеді.

Бүгінгі тағайындауға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті.

Жоғары қарай