Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

СКА - «Барыс» ойынын қашан және қайдан көруге болады

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 19:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жергілікті СКА құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда бүгінгі күнге дейін құрлықтық хоккей лигасында 22 мәрте кездесті. Оның небәрі 4-де елордалық клуб жеңіске жетсе, қалғанында қарсыласына есе жіберді.

«Барыс» соңғы рет аталмыш қарсыласын 2015 жылдың 28 қазанында жеңген болатын. Содан бері сегіз ойында ресейлік клуб мықтылығын танытып келеді.

Тағы бір айта кетерлігі, қазақстандық хоккейшілер СКА клубынан Санкт-Петербургте бірде-бір мәрте басым түскен емес.

Биылғы додадағы турнир кестесінде екі команда қатарлас тұр. Атап айтқанда, 50 ойыннан кейін СКА 69, «Барыс» 67 ұпай жинады. Соңғы турда СКА Мәскеуде ЦСКА клубынан 2:3 есебімен жеңілсе, «Барыс» Финляндияда «Йокеритті» 5:1 есебімен тізе бүктірді.

СКА мен «Барыс» командалары арасындағы кездесу елорда уақытымен 22.00-де басталады. Ойын QazSport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.



Фото: www.hcbarys.kz
Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай