Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Сирияға гуманитарлық көмекті арттыру қажет - Астана процесі

2019 жылдың 2 тамыз 2019 16:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана процесінің қатысушылары Сирия аумағындағы барлық халыққа гуманитарлық көмекті арттыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі Астана процесінің 13-кездесуінде кепіл мемлекеттер - Иран, Ресей және Түркияның бірлескен мәлімдемесінде айтылды.

«Сирия аумағындағы барлық сириялықтарға алдын ала шартсыз гуманитарлық көмекті арттыру қажеттігін атап өттік. Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсарту және саяси реттеу процесін қолдау мақсатында халықаралық қауымдастықты, БҰҰ мен оның гуманитарлық агенттіктерін Сирияға көмекті арттыруға шақырдық. Оның ішінде негізгі инфрақұрылым нысандарын - су және электрмен қамту, мектеп, ауруханаларды тезірек қалпына келтіру және гуманитарлық минасыздандыру жобаларын жүзеге асыруға мән берген жөн», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко елордада Сирия бойынша келіссөздердің 13-раундында кепіл мемлекеттердің бірлескен мәлімдемесін оқу барысында.

Ресми мәлімдемеге сәйкес, алдағы уақытта Сирияға гуманитарлық көмек мәселелері бойынша халықаралық конференция өтуі мүмкін.

Айта кетейік, елордада Сириядағы дағдарысты реттеу бойынша Астана процесінің 13-ші халықаралық кездесуі өтті. Жиын Сириядағы, әсіресе Идлиб провинциясы мен елдің солтүстік-шығысындағы қазіргі ахуалды талқылауға, қақтығысушы тараптар арасындағы сенімді нығайтуға және саяси процесті одан әрі ілгерілетуге баса назар аударады.


Жоғары қарай