Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

Сириядан оралған ақтөбелік келіншек 5 жылға сотталды

2019 жылдың 23 тамыз 2019 15:02

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Жусан» операциясының арқасында Сириядан елге оралған Ақмарал Алмағамбетоваға Ақтөбеде сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық сотында Сириядан оралған Ақмарал Алмағамбетоваға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол 2013 жылы үш баласын тастап, күйеуінен ажырасып, шекара асып кеткен. Әлеуметтік желі арқылы ер адаммен танысып, сол жақта үш рет тұрмыс құрған. Әзербайжан, Ирак, Дағыстан ұлтының өкілдеріне күйеуге шыққан ол Альбар атты ұлды, Нисаннұр есімді қызды өмірге әкелді. Ақмарал Алмағамбетова екі баласымен «Жусан» операциясы кезінде елге жеткізілгенін, сотқа тартылғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 32 жастағы келіншек ҚР ҚК-нің 164 және 233- баптарында (ескі редакция) көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айылды.

Жоғары қарай