Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 334.85
EUR 394.29
RUB 5.69
CNY 50.60

Синоптиктердің 23 қарашаға арналған ауа райы болжамы

2017 жылдың 23 қараша 2017 00:19 839

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қараша күні антициклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, тек батыста жауын-шашын сақталады. Республиканың кей жерлерін тұман басып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің екпіні 18-23 м/с күшеюі  күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 20-25 м/с жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Қызылорда облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с артады, Жамбыл, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында тұман болады, Атырау облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшеюі  ықтимал.

Ақтөбе, таңертең және күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

 

 

 

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,

Пікір қалдыру

Жоғары қарай