Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Синоптиктер тағы үш өңірде ескерту жариялады

2020 жылдың 27 ақпан 2020 18:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына байланысты тағы бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 28 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.

Орал қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23 м/с жетуі ықтимал.

Актау қаласында күндіз шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 23 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерін тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады.

Көкшетау қаласының жолдарында көктайғақ күтіледі.

Айта кетейік, синоптиктер бұған дейін Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында ескерту жариялаған болатын.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай