Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 352.54
EUR 415.15
RUB 5.31
CNY 51.53

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

2018 жылдың 18 тамыз 2018 10:04 476

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген қалаларындағы метеорологиялық жағдай 18 тамыз күні жайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Алматы, Астана, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар,  Петропавлов, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында жайсыз метеорологиялық жағдай немесе ауаны ластаушы заттар болмайды.

Тек Ақтау, Қарағанды және түнде Атырау қалаларында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаны ластауға ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. 

 

 

Басты сөздер: Экология, Қазгидромет,
Жоғары қарай