Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

2018 жылдың 13 шілде 2018 06:15 71

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 13 шілде күні Қазақстан қалаларының барлығында жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар,  Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Орал қалаларында жайлы метеожағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

 

Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай