Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Синоптиктер еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

2019 жылдың 15 маусым 2019 05:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 15 маусым күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратқа сәйкес, сенбі күні еліміз қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.

Еске салайық, екі күн қатарынан, яғни 13 және 14 маусымда ауа сапасы Шымкентте нашарлайтыны болжанды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Қазгидромет,
Жоғары қарай