Ауа райы
Нұр-Сұлтан 25 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Сингапурде Наурыз мерекесі тойланды

2019 жылдың 7 сәуір 2019 14:24 861

СИНГАПУР. ҚазАқпарат - Сингапурдегі Қазақстан елшілігі бірқатар қазақстандық компаниялардың қолдауымен Наурыз мейрамын тойлады. Оған 250-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Сингапурдегі Қазақстан Елшісі Үсен Сүлейман өз сөзінде Наурыз мейрамы ата-бабаларымыздың даналығын, олардың өмір сүру салтын көрсететін мерекелердің бірі екенін атап өтті. Сингапурде оқитын студенттерге Елші Қазақстан дамудың жаңа белестеріне шыққан тұста жастарға да үлкен жауапкершілік жүгі артылатынын атап өтті.

Бұл тұста Қазақстан үшін дәстүрлі мәдениетті білу маңызды артықшылық болып саналмақ.

 Сингапурде оқып жүрген қазақстандықтардың ерекше еңбектері аталып өтті: көркем гимнастикадан Сингапур ұлттық чемпионатында үш күміс, бір қола жүлде иегері атанған Элина Александровна, 2019 жылы Сингапур орта мектептері арасындағы робототехника жарыстарынан «1st Runner Up» сыйлығын жеңіп алған Заки Ыдырышевтердің аты аталды.


null 

Қазақстандық әншілер Қайрат Қабышев, Талғат Маемгенов және Ақмарал Мыңбаеваның орындауында ұлттық әуендер орындалып, жарыстар мен конкурстар ұйымдастырылды. Театрландырылған қойылымдар қойылып, мерекелік ұлттық тағамдар әзірленді.


null 

null 

null 

null 

Авторы: Садық Акижанов

 

 

Жоғары қарай