Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

СІМ өкілі Жапонияда круиз лайнерінде болған қазақстандықтар туралы айтты

2020 жылдың 27 ақпан 2020 14:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сырқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Жапонияда Diamond Princess круиз лайнерінде болған қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің азаматтар сол лайнерде болғанын естіген сәтте бірінші күні-ақ олармен байланыс орнаттық. Екі әже мен екі немересі әр 2-3 сағат сайын біздің консулмен байланысқа шығып отырды. Олар бортта бірінші тесттен өтті. Жағалауға шыққаннан кейін екінші тексерістен өтті. Одан кейін Жапонияның денсаулық сақтау министрлігі оларлың денсаулық жағдайы жақсы, аман-сау екенін растайтын құжат берді», - дейді Айбек Смадияров.

Олар елге оралғанға дейін екі күн Токиода болған.

«Одан кейін қатардағы жолаушылар сияқты билет алып, тіркеліп, елге ұшып келген. Оларды осы жақта карантинге жатқызды. Бұл тұрғыда ҚР Денсаулық сақтау министрлігін қолдаймыз. Олар ауру ошағынан келгендіктен, сақтанған дұрыс», - дейді ол.

Бұған дейін Diamond Princess лайнерінде болған қазақстандықтар карантинге жатқызылғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай